Home Жаңалықтар Ұшақ апаты: дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан азаматтардың денсаулығы жайында айтты

Ұшақ апаты: дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан азаматтардың денсаулығы жайында айтты

Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр

0
2945

Алматы маңында ұшақ апатынан зардап шеккен әскерилер №4 қалалық ауруханасына жеткізілді. Олардың қазіргі жағдайы туралы аурухана дәрігері айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Травматолог-ортопед дәрігер Токушев Руслан әскерилердің жағдайы ауыр екенін айтты.

«Ұшақ апатынан екі адам ауруханаға түсті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Бірінші азаматтың диагнозы бассүйек ми жарақаты, термиялық күйік 50 пайыз, ашық сол сирақ сүйектерінің сынуы.

Екінші азаматта бассүйек ми жарақаты, күйік 30 пайыз, төртінші саусақтың сынуы және кеуде қуысының жарақаты. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр», – деді ол.