Үш жылда 177 мың адам иттердің шабуылынан зардап шеккен

0
22 Қараша 2018, 13:06 161 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ресми ақпарат бойынша күн сайын елімізде 160 астам адам иттердің шабуылынан зардап шегеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.

«Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы. Біздің депутаттық сауалымызға түрткі болған соңғы 4-5 аптаның ішінде иттердің ересек адамдарға және бүлдіршіндерге жасаған шабуылынан 3 адамның қатты зардап шегіп, өкінішке қарай, бір баланың жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған еді. Қайтыс болған баланың ата-анасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл кездейсоқ жағдай емес. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ресим ақпарат бойынша, өткен 3 жылда елімізде иттердің шабуылынан 177 мың адам зардап шеккен. Биыл 6 айда 29878 адам жарақат алып, медициналық жедел көмек алуға мәжбүр болған. Немесе күн сайын елімізде 160 астам адам иттердің шабуылынан зардап шегеді. Бұл тек ресми тіркелген сорақы жағдайлар», — деді депутат.

Бектұрғанов жыл сайын бұл жағдайлар қайталанып, жоғарыдағы мәліметтерден көбеймесе азаймай отырғанын аңғаруға болатынын айтты.

«Атқарушы органдар осы мәселені ретке келтіру бойынша қашан нақты шаралар қабылдайды екен деген заңды сұрақ туындайды. Себебі бұл жәй ғана цифрлар емес, бұл өмірлік психологиялық күйзеліске ұшырап, материалдық зардап шегіп, ақшалай шығын шығарып, ұзақ мерзімді емдеуден өткен адамдардың тағдыры емес пе. Халқымыз итті жеті қазынаның бірі деген. Егер тарихқа үңілсе адамдар ит асырау және оны пайдалану мәселесіне аса жауаппен қараған», — деді мәжілісмен.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ