Үш жасар қыз ерекше ауруға шалдығып, әйнек пен ағаш жей бастаған

0

Уэльсте үш жасар қыз ерекше ауруға шалдығып, әйнек пен ағаш жей бастаған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Dunya News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Уинтер есімді бүлдіршін қабырғадағы бояу, резеңке мен сынған шыны бөліктерін жемек болған. Анасы қызын секунд сайын бақылап отыруы керек екенін айтады, өйткені ол түнде балалар арбасы мен өзінің жамылғысында да шайнауға тырысады екен.

«Ол үйдегі бүкіл заттарды жей береді. Жаңа диван сатып алғанмын, оның да бөліктерін тістеп үлгерді», – деді анасы.

Анасының айтуынша, қызға көптеген тәттілер берсе де көмектеспейді, қыз тамақ ретінде пластикті таңдайды екен.

Бүлдіршінге аутизм және пика (парореция, аллотриофагия немесе дәм сезудің бұзылуы) деп аталатын ауру диагнозы қойылған. Пика ауруына шалдыққандарда әдеттен тыс және жеуге болмайтын нәрселерді (бор, тіс ұнтағы, көмір, саз, құм, мұз, шыны, ағаш), сондай-ақ шикі қамыр, тартылған ет, жармаларды жеуге деген құлшынысы болады.

Заманауи медицина пиканы темір тапшылығы анемиясының симптомы ретінде қарастырады. Бұл әсіресе жүктілік кезінде әйелдерде, жас балаларда және психикалық дамуы бұзылған адамдарда, соның ішінде аутизмде жиі кездеседі.

фото: dunyanews.tv

ақпарат: http://Stan.kz