«Үш рет тұрмыста болдым, үшеуі де сәтсіз болды». Бибігүл Төлегенова жеке өмірі жайлы айтты
Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өмірі жайлы айтты. Өнер иесі үш рет тұрмыста болғанын жасырмады, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бибігүл Төлегенова ешбір некесі сәтті болмағанын жеткізді.
Бір әйел бақытын күйеуінен табады, ал басқасы өз шығармашылығынан табады. Мен мысалы, тек өзімнің шығармашылығымнан таптым. Мен ешбір ер адамнан, ешбір күйеуімнен қолдау көрген жоқпын.
Шынымды айтсам, отбасылық бақыт жайлы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым, үшеуі де сәтсіз болды. Яғни, менің бақытым — шығармашылығымда. Құдайға шүкір, балаларым бар. Үш балам бар. Маған басқа ештеңе керек емес», — деді Төлегенова.