Үш қазақстандық әйел Қытайға тапсырыспен бала туып берген

0

Красноярск өлкесінде үш қазақстандық әйел суррогат ана болу туралы келісімшартқа отырған. Олар осы әрекеттері үшін жазаға тартылмақ.

Босанған соң сәбилерін қалдырып, Қазақстанға кетіп қалған. Олар балаларын Қытай азаматтарының тапсырысымен туған және бұл қызметтеріне ақша алуы тиіс болған.

Кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір әйелдер іздестіріліп жатыр.