Үш қап ақшаны алып кеткен: Жаңаөзенде инкассаторға қарақшылық шабуыл жасалды

0
11892

Жаңаөзенде инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасалған. Оқиға 3 желтоқсан күні кешке болды.

«Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Жаңаөзенде 3 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:40 – та Көктем шағын ауданында банк бөлімшесін инкассациялау кезінде пышақпен қаруланған төрт қылмыскер инкассатор машинасына қарақшылық шабуыл жасаған», – делінген Yedilov online телеграм-арнасындағы ақпаратта.

«Қылмыскерлер бұрын индекстелген үш қап пен жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар, 495 450 Ресей рублі бар мультикассетаны иемденді.

Инкассатор жүргізушісі қашып кеткен ақ Nexia шабуылдаушыларына бес рет оқ жаудырды. Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы «ұстау» жоспарын жариялады», – деп хабарлады телеграм-арна.