Үш облыста ауа райы бұзылады

0

Қазақстанның үш облысында ауа райы бұзылып, боран соғады деп ескертеді ауа райын болжау қызметі.

Қарағанды облысында желтоқсанның 22-і мен 24-і аралығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, тұман басады. Сенбі күні облыс жолдарында көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей аудандарында бүгін тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, күндіз көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді деп хабарланды.

Қостанай облысында да тұман түседі деп ескертеді ауа райын болжайтын мамандар.

Дереккөз: Азаттық