Үш облыс пен “Семей орманы” резерваты орман өрті жағдайларына дайын емес
Резерват басшылығына қатысты шаралар қабылдануда. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевқа өрт қауіпті кезеңге дайындық жөніндегі кеңесте баяндады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 158 мемлекеттік орман иелерін тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша ведомство басшысыысан Нысанбаев «Семей орманы» резерватының, сондай-ақ Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарының ықтимал өрттерге дайын еместігін мәлімдеді.
«Бұзушылықтар қатарында ЖЖМ сатып алудың және резервінің жоқтығы, орман өрт сөндіру станциялары ғимараттарының авариялық жай-күйі не олардың болмауы, өрт сөндіру мұнараларының жетіспеушілігі, арнайы техниканың тозуы анықталды. Сондай — ақ рация және арнайы киім жоқ», — делінген хабарламада.