Үш күнде 5 мың жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелген

0

Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр.

Бұл іс-шара жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайтуға, оның зардабын төмендетуге, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау ережесі сақталуын қадағалауды күшейтуге бағытталған.

Операцияның үш күнінде жол қозғалысын бақылау кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан орын алған 5 мыңнан астам (5 255) жол ережесін бұзушылықты тіркеуге алды.

Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарған 8 факті, қарама-қарсы жолаққа шығудың 3 фактісі, жұмыс және демалыс кестесін бұзу – 59, жолаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыру қағазының болмауы – 242, жүргізушінің тасымалдау келісімшартының жоқтығы – 9, жүк және қол жүгін тасымалдау ережесін бұзудың – 109 фактісі тіркелді.

98 заңсыз қайта жабдықталған жолаушылар көлігі анықталды, сондай-ақ 41 автокөлік рейс алды тексерістен және 259-ы техникалық тексерістен өтпегені анықталды.

Жолаушылар көлігінің жүргізушілері 409 рет жылдамдықты асырғаны, 994 рет көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны және 959 рет маневрлеу қағидасын бұзғаны анықталды.

Жол ережесін бұзғаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тарытылып, сонымен қатар автобус паркттерінің 41 лауазымды тұлғасы жауапқа тарытылды.

Жедел профилактикалық шара жалғасуда.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ