Үш дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды

0
29

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Биатлоншы 1998 жылы олимпиада чемпионы атанған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Биатлоннан үш дүркін олимпиада чемпионы норвегиялық Хальвард Ханевольд қайтыс болды, деп хабарлайды TV2 телеарнасы.

49 жастағы спортшының денесі өзінің үйінен табылған. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ. Ханевольдтің артында әйелі мен екі баласы қалды.

Норвегияның биатлоншылар одағының президенті Арне Хортен Ханевольдтің өлімі спорт қауымдастығы үшін үлкен қайғы екенін айтты.

«Бұл – норвегиялық биатлон үшін өте қайғылы күн», – деді ол.

Хальвард Ханевольд 1998 жылы 20 шақырымға жеке жарыста, 2002 және 2010 жылдары 4 және 7,5 километр эстафетада олимпиада чемпионы атанды. Қоржынында әлем чемпионаттарының бес алтын медалі бар.

Тағы оқыңыз: Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Биатлоншы спорттағы карьерасын 2010 жылы аяқтады. Спорттан кеткен соң норвегиялық телеарналарда сарапшы болды.



sputniknews.kz