Үш бірдей талантты қазақ боксшы жол апатында қаза болды

0

Олар жуырда ғана ересектер құрамасына өткен.

Атырау облысы құрамасының боксшылары Еламан Рахметоллы, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Телманов жол апатынан қаза болды.

«Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Жастар құрамасынан енді ғана ересектер құрамасына ауысқан талантты жігіттердің болашағынан үміт зор еді», — делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.

Рахметолла, Нұрымов пен Телманов 2000 жылы дүниеге келген спортшылар еді. Жол апатының мән-жайы анықьалып жатыр.

https://www.instagram.com/p/CCvUrLdB2IA/

vesti.kz