«Үш баласы бар»: Нұржан Керменбаевтың бұрынғы ғашығы қайда жүр? — Қазақстан жаңалықтары

0

2007 жылы құрылған «Арнау» дуэтінің алғашқы құрамында Нұржан Керменбаевпен бірге Жанар Хамитова есімді әнші ән салды. Қос өнерпаз отандық Super Star жобасында танысып, табысқан. Алайда Жанар бұл ұжымда небәрі 2 жыл өнер көрсетті. Оның орнын Салтанат Бақаева басты, деп жазады Stan.kz.

"Үш баласы бар": Нұржан Керменбаевтың бұрынғы ғашығы қайда жүр?Жақында Салтанат Бақаева «Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитованы вокал дәрісінде кездестірген, деп хабарлайды 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасы. Ол сырттай танитын Жанарды алғаш рет жолықтырған. 

Сөзіне қарағанда, өнер әлемінен алшақтап кеткен Жанар әлі де вокал мамандарынан дәріс алып жүр. — Ал сахнаға қайта оралу жоспарында бар ма? — деген сауалға Салтанат: 

«Ол жағын сұрамадым. Кім біледі?! Ол да болып қалуы мүмкін. Сондай болып жатса, таңғалмаймын. Өйткені ән айтатын даусы да бар, келбеті де орнында», — деп жауап берді.

Нұржан мен Жанар бір топта ән салып қана қоймай, кезінде жігіт пен қыз ретінде кездескен. Алайда жұптың қарым-қатынасы ұзаққа бармады. «Арнау» дуэтінен кеткен Жанар бүгінде отбасын құрып, бала сүйіп үлгерген көрінеді. 

«Тұрмысқа шыққан. Қателеспесем, үш баласы бар-ау деймін. Нақты қанша баласы бар екенін білмеймін, бірақ тұрмыста», — деді Салтанат Бақаева. 


 

stan.kz