«Үш баланың анасы»: Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде ресейлік азаматша қаза тапқан

0
928

Тараздағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Ресей азаматшасы қайтыс болды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Facebook парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығына 6 қаңтарда Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде Ресей азаматшасы, 1995 жылы туған үш баланың анасы бандиттердің қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат түскен. Қылмыс әйел жұмыстан кетіп бара жатқан сәтте жасалған. Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы марқұмның анасымен, жақындарымен байланысқан.

Сонымен бірге, жағдайды бақылауға алу және марқұмның отбасына көмек көрсету туралы Жамбыл облысының басшылығына үндеу жолдаған. Өз кезегінде, Бас консулдық марқұмның отбасына материалдық көмек көрсету мәселесін қарастырып жатқанын атап өтті.

«Қазақстандағы Ресей елшілігі Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдарына аталған қылмысты мұқият және жан-жақты тексеру қажет екенін айтып, жүгінді. Қылмыскерлердің жеке басы анықталып, заң алдында жауапқа тартылып, тиісті жазасын алады деп сенеміз. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға осы қиын кезеңде сабыр тілейді», — делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында қаруланған 10 қылмыскердің көз жойылғаны хабарланған еді.