«Үш балам үшін шыдадым»: Сиви Махмуди алғаш рет 10 жыл отасқан күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты

0

Елімізге танымал әнші Сиви Махмуди алғаш рет он жылдан аса отасқан күйеуі Аңсармен неліктен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды «Менің өмірім» бағдарламасына сілтеме жасаған Kznews.kz тілшісі.

«Аңсармен ажырасқан екі жыл ішінде мүлде сұхбат бермедім. Міне, енді екі жылдан соң шет-жағасын айтса болады деп ойлаймын. Біздікі басынан дұрыс басталмады. «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады», — деп айтады ғой. Бізде олай болмады. Өйткені, ата-ананың разылығы жоқ жерден жақсылық күтпеу керек. Ата-анам басынан сезді, білді, ескертті. Бірақ мен жиырмадан енді асқан едім. Балалыққа салындым. Ата-анам басынан қарсы болған. Он жыл отастық, екі жылдай кездесіп жүрдік. Бірақ еш өкініш жоқ. Тағдырым кинодағыдай болса да, оңай болмады. Қыздар да бар… Достарының ықпалы да бар. Қазақ жігіттері намысшыл келетінін білесіз. Көшеге шықпаса, достары жұлдыз әйелінен қорқып отыр дейтін. Достарының арасында дұрысы да, дұрыс емесі де кездесті. Ортасы сондай болды. Көбісі менің сабырлылығыма таң қалатын. Үш балам үшін шыдадым. Әрине, жолдасымды түбегейлі жаман адам демеймін. Маған көңіл бөлмейтінін жылап та айттым.

«Көшеде өскен баламын, мені байлап ұстай алмайсың. Итті байласаң да, босап кетеді. Әкесіз өстім, достарымның арқасында нанымды жеп жүрмін», — деп түсіндіретін. Мен де түсіндім, бірақ әр нәрсенің шегі бар ғой… Енеммен қарым-қатынасым жақсы болды. Ол кісіге де бәрін айтатынмын. «Мам, Аңсармен сөйлесіңізші. Достарымен көп жүреді, қыздармен сөйлеседі», — дейтінмін. Сонда енем: «Не болыпты? Әлемнің 90 пайызы қыздардан тұрады», — деген. Енемнің қатысы болды деп ойламаймын. Әр адамның өз түйсігі болуы керек. Жолдасымның қалауы сол болды. Көшенің адамы болған соң, көшені таңдады. Он жыл отбасы болуға тырыстым», — деді Сиви Махмуди.