үш адамды көлікпен әдейі қақты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Адамдарды көлікпен қасақана басқандардың бірі ұсталды. Екіншісі іздестіріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Алматыда үш адамды әдейі қағып кеткен болаьын. Зардап шеккендердің бірі оқиғаның мән-жайын айтты. Ол өздерін басқа біреумен шатастырып алғанын айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


©
Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы

Оқиғадан кейінгі «Toyota Camry» көлігі

Оқиға салдарынан Сергей Ханның аяқ-қолы сынған. Қазір ауруханада жатыр. Ол оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Сергейдің айтуынша, мас ер адам алдымен онымен сөзге келген, кейін жұдырық ала жүгіріпті. Бұдан соң жігітерді әдейі көлікпен басып өтпек болған.

«Көрші ғимаратта жігіттердің бір-біріне айғайлап ерегескенін көрдік. Бірақ мән бермедік. Көп ұзамай, он шақты жігіт бізге келіп балағаттай бастады. Еш нәрсені түсінбедік. Біз төртеу болдық. Басқа біреумен шатастырып алған шығар деп ойладық. Кейін ініме жұдырық сілтеді. Осыдан төбелес басталып кетті. Содан кейін көліктеріне отырып, сес көрсеткілері келді», — дейді Сергей Хан.


©
Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы

Үш адамды әдейі қаққаннан кейінгі көліктің алдыңғы әйнегі

Сергей олардың қолында қару болғанын көрген. Алайда жігіт жүргізушілердің түрін анық көре алмапты.

Тағы оқыңыз: Министр Алматыдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Күдіктінің анасы Сергей мен оның достарының өздері кінәлап деп видео жариялаған болатын. Әйел баласы түнде туысының туған күніне барғанын айтқан. Ал мекмеден шыққан кезде оған 13 адам жабыла кетіпті.



sputniknews.kz