«Ұрлап кетуі мүмкін»: Із-түссіз жоғалып кеткен бизнесменнің туыстары өз нұсқаларын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында 72 жастағы бизнесменнің жұмбақ жағдайда жоғалып кетуі туралы іс кісі өлтіруге қайта сараланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

бизнесмен

Күндегі әдеті бойынша таңғы сағат 5:00-де серуендеуге шыққан Тынымбай Баженовтің із-түссіз жоғалып кеткені екі аптадан астам уақыт болған. Әлі ешқандай дерек табылған жоқ. 72 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

«Бұл оның өлтірілгені туралы дерек бар дегенді білдірмейді. Бұл заңның талабы. Іздестіру шараларының нәтижелері бойынша, егер оны тірі күйінде тапса, онда іс ҚР ҚІЖК талаптарына сәйкес жабылады», — дейді Қызылорда облысы пркурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.

Ал Тынымбай Баженовтің туыстарының ісдестіру шараларына көңілі толмайды.

Көп нәрсе олар үшін жұмбақ болып отыр. Сондай-ақ, кәсіпкердің жақындарының іске қатысты өз нұсқалары да бар.

«Біз таңертең 5-тен 7-ге дейін осы жерде болған ұялы байланыс операторларының биллингіне өтініш бердік. Бірақ судья одан бас тартты. Әлі күнге дейін бас тарту себебі белгісіз. Ойымызшы, жол көлік апаты болуы мүмкін, содан кейін оны көлікке мінгізіп, алып кеткен. Екінші болжам — ұрлауы мүмкін», — деді жоғалып кеткен бизнесменнің қызы Ғайни Баженова.

stan.kz