Үрімші мен Қашқарға саяхат: Сіз күтпеген ерекше кадрлар — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Өткен айда Синьцзян өлкесінде, оның ішінде Үрімші мен Қашқарда болып қайтқан турист ерекше фотосуреттермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz SupChina басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үрімші мен Қашқарға саяхат: Сіз күтпеген ерекше кадрлар

«Менің сапарым 27 қаңтардан 5 ақпанға дейін жоспарланған еді. Әрине, Синьзцян дегенде көпшіліктің ойына туризм келмейді. Көз алдыңызға халықты жаппай аңдыған полицейлер, саяси идеологиялық ұстаным, терроризм мен сепаратизм аралас соңыстың қытайлық нұсқасы келеді. Бірақ мен соған өзім көз жеткізгім келді», — дейді саяхаттаушы. 

— Айтуына қарағанда, бұл мекендерде камерамен жүру оңайға түспеген. Себебі әскерилердің қатаң бақылауы бар. Ешқандай қызығы мен тәттісі жоқ Диснейлендте жүргендей күй кешесіз, — дейді автор. 

— Жолда кездескен туристердің көпшілігі маған сақ болуды ескертті. Себебі кез келген жерде полицейлер сенің құжатыңды сұрауы мүмкін, — деп жалғады сөзін саяхаттаушы. 

Ол полицейлермен бетпе бет келуге мәжбүр болғанын айтады. Сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары оны аңдып, кей фотоларды өшіруін талап еткен. 

«Әйткенмен қалған суреттерді назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмын. Басқасын былай қойғанда, ондағы халықтың күнделікті өмірі мен тұрмысын көрсеткім келді», — дейді фотограф-саяхаттаушы. 

Үрімші мен Қашқарға саяхат: Сіз күтпеген ерекше кадрлар

Полицей Үрімші базары маңында қар тазалау үстінде. Бұл жер қаладағы танымал туристік орындардың бірі. 

Егде жастағы кемпір мен балалар жаңа ұйғыр қауымдастығына арналған құрылыс алаңынан өтіп барады. 

Үрімші мен Қашқарға саяхат: Сіз күтпеген ерекше кадрлар

Жергілікті дүкеннің иесі тауарымен бірге сырғып барады. Арғы жақта президент Си Цзипин мен оның әйелінің портреті. 

Үрімші мен Қашқарға саяхат: Сіз күтпеген ерекше кадрлар

Суықтан жаураған отбасы кішкентай дүңгіршікке сыюға тырысуда. 

Үрімші мен Қашқарға саяхат: Сіз күтпеген ерекше кадрлар

Ұйғыр ұлтының өкілі көріктендіру жұмыстары жүріп жатқан аумақтан өтіп барады. 

Үрімші мен Қашқарға саяхат: Сіз күтпеген ерекше кадрлар

Ескі қала Қашқарда таға жасап отырған ұста. Бұл тұрғылықты аудан бүгінгі таңда нағыз туристік орындардың бірі болып табылады. 

Үрімші мен Қашқарға саяхат: Сіз күтпеген ерекше кадрлар

Ер адам өзінің үйінің ауласында балаларымен бірге нан пісіруде. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz