«Уральские авиалиния» ұшағы апатты жағдайда жүгері алқабына қонды
Мәскеуден Симферопольге ұшып шыққан «Уральские авиалиния» компаниясының Airbus A321 ұшағы Мәскеу түбіндегі жүгері алқабына апатты жағдайда қонды. Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ моторына құстар кіріп кеткен. Осыдан кейін моторлардың бірінде өрт шыққан.
Ұшақ бортында 234 адам болған. Олардың жетеуі – экипаж мүшесі. Алдын ала ақпарат бойынша, он адам (үшеуі – бала) зардап шегіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Жолаушылар үрленген траппен эвакуация жасалған. Ұшақ Мәскеуден аннексияланған Қырымдағы Жуковский әуежайына ұшып шыққан.