ҰҚШҰ үш ауқымды арнайы операцияның нәтижелерін жариялайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бейсенбі, 4 шілдеде сағат 16: 00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Мәскеу – Ереван –Минск –Нұр-Сұлтан –Бішкек видеокөпірі форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериковтың баспасөз конференциясы өтеді.

Мамыр-маусымда Бішкекте ҰҚШҰ жарғылық органдары — Қорғаныс министрлері кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірқатар сессияаралық отырысы өтті. Онда ұйымның әскери құрамын дамыту, дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін құру және ҰҚШҰ сыртқы саяси қызметін үйлестіру туралы маңызды құжаттарға қол қойылды.

Сондай-ақ, «Наемник», «Нелегал» деп аталған жедел және алдын алу шаралары кешені, «Канал» есірткіге қарсы халықаралық операциясы секілді ҰҚШҰ форматында өткізілетін арнайы операциялардың нәтижелері туралы айтылады.

Іс-шараға қатысуға шақырамыз.

БАҚ мына телефон арқылы аккредитациядан өтеді: + 7-701-512-08-15, электронды пошта: a.sultanova@sputniknews.com.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығы Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35 , P1-қабаты мекенжайында орналасқан.



sputniknews.kz