ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Путинге көңіл айтты

0

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Мәскеудегі терактіге қатысты Путинге көңіл айтты.

Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында болған адамгершілікке жатпайтын лаңкестік әрекетті қатты қайғырып қабылдадық. Қайғылы оқиға жүрегімізді сыздатты. Теракт салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жазықсыз адамдар жараланды. Біз бұл қатыгез, ақталмайтын қылмысты қатаң айыптаймыз, – деді Тасмағамбетов.

Айта кетсек, кеше түнде Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, кем дегенде үш камуфляж киген адам оқ жаудырды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 60-тан асады, сонымен қатар, 100-ден аса адам жараланған.