ҰҚК: Жетегінде 3 жылқы, өзі жаяу

0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Қазақ-қырғыз шекарасын бұзып, жылқы асырмақшы болған қырғыз азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Қордай шекара отрядына қарасты «Еңбек» заставасының аумағында ел шебін күзетушілер, қазақ-қырғыз шекарасындағы Шу өзенінен біздің елге қарай түн қараңғылығын пайдаланып (сағат 22.00 шамасында) өтіп келе жатқан, 39 жастағы қырғызстандық азаматты ұстады. Екі елдің ортасындағы тікенек сымды дуалды кесіп өткен шекара бұзушы, өзі жаяу жүргенімен 3 семіз атты жетегіне алыпты» — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құқық қорғау орындары құлақтандырылып, тексеру жүріп жатыр.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ