ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркияда ұсталған қазақстандық туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның аты-жөні – Аманбек Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. Ер адам 2015 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған.

Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Еске салайық, 19 ақпанда ДАИШ* құрамында болған қазақстандықтың Түркияда ұсталғаны хабарланды. Оған «қызыл» деңгейде іздеу жарияланған. Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кіруге әрекет жасады.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес, террористік әрекетке қатысы бар деген Қазақстанның 40 азаматы халықаралық іздеуде жүр.

*Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым