ҰҚК трансұлттық қылмыстық топ жетекшісін ұстады — Қылмыс

0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылғы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлімімен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету), 194-бабының 4-бөлімімен (қорқытып алу) көзделген бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде тұрған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Жұмат Бегімбетовті ұстады», — делінген комитеттің хабарламасында.

Комитеттегілердің мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.