ҰҚК төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

0

Руслан Сарқұлов Қазақстан ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 қыркүйекте Бақытбек Қосжанов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылған болатын.