ҰҚК Қызылорда облысында арнайы операция өткізді
Қысқа сілтеме алу
Қызылорда облысында өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың төрт мүшесі қылмыс үстінде ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 240 келі радиоактивті уран концентратын сатпақ болған қылмыстық топ мүшелерін құрықтады.
Қылмыстық топ мүшелері 240 келі радиоактивті уран концентратын сатпақ болған
Арнайы операция 23 қазан күні Қызылорда облысында өтті, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«Өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың төрт мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Оқиға Қылмыстық кодекстің 283- бабының 2-бөлігіне сәйкес («радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу») тергеліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәліметке сәйкес, радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған болуы мүмкін.
Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша уран концентратының сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық
Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпті.
sputniknews.kz