ҰҚК қылмыстық топ мүшесі ұсталған сәттің видеосын жариялады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ол Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне ақша аударған. Күдікті тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтың белсенді мүшесін қолға түсірді.

«15 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық кодекстің 266-бабы («қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі «С» деген Әзербайжан азаматын ұстады», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Ол Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне ақша аударған.

Қаржыландыру жергілікті кәсіпкерлерден қорқыту жолымен алынған қаражаттың көмегімен жүзеге асырылған. Күдікті астанадағы полиция департаментінің тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 10 қыркүйегінде астанада арнайы операция жүргізілген болатын. Топтың жетекшісі мен мүшелері қорқытып кәсіпкерден Toyotа маркалы көлігін алған. Олар қылмыс үстінде ұсталды.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Ұстау кезінде күдіктілерден 11 патроны бар «Макаров» тапаншасы мен 5 патроны бар травматикалық тапанша алынды.



sputniknews.kz