ҰҚК: Қазгидромет басшылығы ұсталды — Қылмыс

0

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік Комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-тармағымен көзделген («Пара алу») қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитеттегілердің мәліметінше, қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.


© knb.gov.kz

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz