ҰҚК-ның арнайы операциясы: Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды  – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесін қатыстырумен арнайы операция жүргізді. Олар қалада тұрақты түрде жергілікті кәсіпкерлерден ірі ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ҰҚК-ның арнайы операциясы: Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды 

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық жасады деп күдіктеліп отыр. Оның ішінде атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстар да бар.

Белгілі болғандай, ұйымдасқан қылмыстық топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған.

ҰҚК-ның арнайы операциясы: Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды 

Банда мүшелерін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден күш қолданумен және оның өміріне қауіп төндірумен 10 000 АҚШ долларын қорқытып алу сәтінде жүзеге асырылды.

Бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орын анықталды,  5 бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды.

ҰҚК-ның арнайы операциясы: Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды 

Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексерілуде.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз