ҰҚК лауазымды тұлғаның қылмысын әшкереледі
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті.
«Заңсыз айналымнан үш «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды.
ҰҚК Алматы облысының 10 тұрғынына қатысты ақпаратты бөлісті
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды тұлға министрлікте тіркелген оқ-дәріні ұрлаған.
Тағы оқыңыз: Трансгендерді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкері сотталып жатыр
Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын цех жұмысы тоқтатылды.
2020 жылдың 27 қаңтарында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
sputniknews.kz