ҰҚК коронавирусқа шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандарды іздестіруге кірісті — Қазақстан жаңалықтары
Полиция және ҰҚК қызметкерлері бірігіп, коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, Қазақстанға ұшып келген азаматтарды іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.
«24 ақпан мен 13 наурыз аралығында Алматыға шетелден оралған азаматтардың саны 11 340-ке жетіп отыр. Олардың 10 852-сіғ яғни 95,7%-ы табылып, медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды. Тізімдегілер әлі расталып жатыр. Табылмаған адамдардың туралы деректер миграция қызметіне, ПД-ге жіберілсе, ал шетелдіктер жайлы ақпарат ҰҚК-ге табысталады», — деп мәлімдеді Әбілдаев.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық төрт азаматтан коронавирус табылғаны жайлы айтылған еді. Олардың екеуі Германиядан, біреуі Италиядан оралған. Ал қалған біреуі Берлиннен әлі келмепті. Ресми деректерге сәйкес, Германиядан оралғандар Алматыда, ал Италиядан келген азаматша Нұр-Сұлтанда карантинге жабылыпты.
stan.kz