ҰҚК гаражды жасырын зертханаға айналдырған ер адамды ұстады

0
22

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында синтетикалық есірткі өндірілген жасырын зертхананы жойды

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам жалға алған гаражды синтетикалық есірткі жасайтын зертханаға айналдырған.

Зертхананы тінту барысында шамамен 500 гр «A-PVP» синтетикалық есірткісі, құтылар, таразы, магниттік араластырғыш, вакуумды сорғы, электр плитасы, сондай-ақ, психотроптық зат қалдықтары бар әртүрлі ыдыстар мен 70 литр прекурсор алынды.

Тағы оқыңыз: ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады

Бұдан бөлек, шамамен 2,5 келі психотроптық зат салынған 5 қалташа табылып, тәркіленді.

«Жүргізілген шаралар барысында заңсыз айналымнан 3 келідей «А-PVP» психотроптық заты тәркіленді. «Қара нарықта» оның құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды», – делінген хабарламада.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.



sputniknews.kz