ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов Хабибті жеңісімен жеке құттықтады (видео)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов жеңіл салмақта ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовты жеңісімен құттықтады.
Бұл туралы телеграм каналдар жазды.
«Қазақстан жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовты жеңісімен құттықтады», — делінген бейнероликтің сипаттамасында.
Еске салайық, Нурмагомедов пен Гатджи арасындағы жекпе-жек 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі Fight Island аралында өтті.