ҰҚК ардагері Қамза Ыбыраев қайтыс болды

Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Қамза Ыбыраев қайтыс болды.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы және «ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ ҰҚО ардагері отставкадағы генерал-майор Қамза Төкешұлы Ыбыраевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», — делінген ҰҚК хабарламасында.
Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Қамза Ыбыраев Шығыс Қазақстан облысы ҰҚК, Павлодар облысы ҰҚКД басшысы, ҰҚК-нің Әзербайжан мен Түркіменстандағы өкілі болып жұмыс істеген. Ол 1953 жылы 27 маусымда дүниеге келген.