ҰҚК әкім Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/338/65/3386502.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/society/20200116/12557475/Bolat-Baauov.html
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, осы кезеңде толық деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді», — деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде толық деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
sputniknews.kz