ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады
Қысқа сілтеме алу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекет еткен 20 кеденшінің ұсталған видеосын жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің 20-дан астам қызметкерін ұстады. Олар аз уақыт ішінде миллиондаған теңге, он мыңдаған доллар және басқа да валютамен ірі сомада қаржы алды», — делінген комитеттің Facebook парақшасында.
Анықталғандай, кеден қызметкерлері Қытайдан Өзбекстанға бет алған жүк көлігін Қазақстан арқылы қиындықсыз өткізу үшін пара алған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген іс-шаралар нәтижесінде лауазымды тұлғалар, кеден органдарының, сондай-ақ, фитосанитариялық, ветеринарлық және көлікті бақылау қызметкерлерінің заңсыз әрекеті тіркелді.
sputniknews.kz