Университет зертханасында жарылыс болды | КТК

0
Университет зертханасында жарылыс болды


Жарылыс Бейжің көлік университетінің зертханасында тәжірибе жұмысы кезінде орын алған.

Зардап шеккендер жайында әзірге ақпарат тарамады. Жарылыстың болғандығы туралы хабар өрт сөндіру бөліміне таңғы сағат 9.34 шамасында түскен.

Жарылыс кампустың шығыс бөлігінде болған, ол жерде білім алушылар зертхананың бірінде тәжірибе жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Әлеуметтік желіде тараған фотосуреттерде ғимараттан қалың түтін шығып жатқаны байқалады. Қазір өрт сөндірушілер от жалынын басуға күш салуда.

Дереккөз: Baq.kz