Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті

0

Қазақстан құрамасы Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиадада үшінші медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kznews.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Никита Чирюкин оқ атудан күміс жүлдегер атанды. Жарыс шарты бойынша спортшылар 25 метр қашықтықтан атыс қаруынан оқ ату керек. Қазақстандық мерген 27 ұпай жинап, екінші орын алды. Бұл жарыста алтын медальды чех спортшысы Матвей Рампула, ал қола медальді поляк Оскар Миливек алды (23 ұпай).

фото: ғаламтордан