үнемдеудің ерекше тәсілі – видео

0

Әлем мұсылмандары басты діни мерекелердің бірі — Құрбан айт мерекесін атап өтуге дайындалып жатыр. Бұл Мекке мен Мединеге қажылықтың аяқталғанын білдіреді. Дәстүр бойынша, әр отбасы құрбандыққа мал шалады. Мал сатып алу кезінде ерекше ақша үнемдеу тәсілін біздің видеодан көріңіз

Жақында мұсылман әлемі Құрбан айтты атап өтеді, оған пәкістандық діндарлар да дайындалып жатыр. Ірі қара сатып алуға шамасы келмейтіндер үнемдеудің ерекше тәсілін ойлап тапты.

Видеодан шатырдан қара мүйізді ақ өгізді кранмен түсіріп жатқанын көруге болады.

Бұл нені білдіреді? Кейбір отбасылар құрбандыққа шалынатын өгізді өздері бағады. Бұл үнемдеудің бір тәсілі, өйткені мейрам алдында құрбандық малының бағасы шарықтап кетеді.

Адамдар өгізді шатырда ұстап, бордақылауды әдетке айналдырған, ал мерекеге бір апта қалғанда оны кранмен түсіреді.  

Көршілер мен ауыл-аймақ бұл қызықты көріністі міндетті түрде тамашалайды.

Қазақстанда биыл Құрбан айт мейрамы 11-13 тамызда өтеді. Ол елорданың барлық мешітінде таңғы жетіде мерекелік Айт намазынан басталады.  



sputniknews.kz