Үндістанның оңтүстігінде әскери-жаттығу ұшағы құлады
Үндістанның оңтүстігінде Бангалор қаласында ұшқан әскери-жаттығу ұшағы бірден жерге құлады деп хабарлайды «Хабар24» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Апат нәтижесінде екі адам көз жұмды. Екеуі де ұшқыштар. Біреу ауруханада қайтыс болды.
Ұшқынтар катапульталануға тырысқан, бірақ ұшақ қажетті биіктікке көтеріліп үлгермегендіктен, одан еш нәтиже шықпаған.
Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізуде.
Дереккөз: kaz.nur.kz