Үндістандық футболшы әлемдегі ең әдемі голдардың бірін салды — Футбол

0

Үндістандық «Ченнаи Сити» клубының шабуылшысы Үндістан біріншілігінде Педро Манзи «Аиджала» қақпасына тамаша гол салды, — деп хабарлайды Eurosport.

Қақпашының алдыға қарай біршама шығып кеткенін байқап қалған футболшы, алаңның үштен бір бөлігінен қақпаға қарай шірене тепті. «Мұндай әдемі голдарды Ла Лигада не АПЛ-да көре бермейсің. Коментатордың өзі де шыдай алмай, осы сәтте айғайлап жіберді», — деп жазады басылым. 

Педро Манзи — Уругвайда дүниеге келген испан футболшысы. Сұрмерген өнер көрсететін «Ченнаи Сити» клубы Үндістан чемпионатында көш бастап тұр. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz