Үндістандық футболшы әлемдегі ең әдемі голдардың бірін салды — Футбол

Үндістандық «Ченнаи Сити» клубының шабуылшысы Үндістан біріншілігінде Педро Манзи «Аиджала» қақпасына тамаша гол салды, — деп хабарлайды Eurosport.
Қақпашының алдыға қарай біршама шығып кеткенін байқап қалған футболшы, алаңның үштен бір бөлігінен қақпаға қарай шірене тепті. «Мұндай әдемі голдарды Ла Лигада не АПЛ-да көре бермейсің. Коментатордың өзі де шыдай алмай, осы сәтте айғайлап жіберді», — деп жазады басылым.
» Footballing God will forgive you, if you leave your partner for this goal «, the commentator screamed…
Mr.@PeterManzi19 ,, why so brilliant ?? ????.. pic.twitter.com/m9SUpewiBS
— Chennai City FC (@ChennaiCityFC) 19 января 2019 г.
Педро Манзи — Уругвайда дүниеге келген испан футболшысы. Сұрмерген өнер көрсететін «Ченнаи Сити» клубы Үндістан чемпионатында көш бастап тұр.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz