Үндістандағы әуе шоуларынан 5 адам қаза тауып, 40 адам зардап шекті

Үндістандағы әуе шоуларына миллионнан астам адам қатысып, 5 адам қаза тапты, 40 адам зардап шекті.
Іс-шара ел әскери-әуе күштерінің 92 жылдығына арналған. Екі шақырымдық Marina Beach-те 1,2 миллион көрермен жиналып, ұшақтардың демонстрациялық ұшуларын тамашалады. Бірақ қайтар уақытта адамдар бір-бірін таптап, осындай қайғылы жағдайларға әкеп соққан.