Үндістанда ұсталған қазақстандыққа қатысты істің мән-жайы белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан азаматы айыппұл төлеп, төлқұжатын қайтарып алды

АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Дели әуежайында билетті қолдан жасағаны үшін ұсталған Қазақстан азаматы ұшақ бортына кіруге тырыспаған. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біз анықтаған мәлімет бойынша, ол өзінің досын тіркеу аймағына дейін шығарып салуға ғана кірген. Яғни, ұшақтың ішіне кіруге тырыспаған. Тек бірінші тексеру бекетінен өту үшін ғана билетті қолдан жасаған. Қазіргі таңда төлқұжаты қайтарылды, айыппұл төленді», — деп мәлімдеді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Ол мұның тек әкімшілік құқық бұзушылық екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні Делиде Қазақстан азаматы қолдан жасалған әуе билетімен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция оған 10 мың рупий айыппұл салынуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Тағы оқыңызМинистрлік Қытайда сотталған қазақ қызына қатысты мәлімдеме жасады



sputniknews.kz