Үндістанда Samsung electronics компаниясының ереуілге шыққан 100 қызметкері ұсталды

0

Үндістан полициясы Samsung electronics» компаниясы зауытының ереуілге шыққан 104 қызметкерін ұстады.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, ұсталғандар тиісті рұқсатсыз наразылық шарасын өткізуді жоспарлаған.

Ұсталғандар Тамилнад штатындағы Ченнаи қаласы маңындағы Samsung тұрмыстық техника зауытында ереуілге шыққан. Жұмысшылар жеті күн бойына жұмысқа бойкот жариялап, Samsung компаниясының Үндістандағы жылдық табысының үштен бірі яғни 12 млрд доллар болатын өндірісті тоқтатты. Өткен аптадан бері Samsung қызметкерлері жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту және еңбек ұжымы қолдайтын кәсіподақты мойындауды талап етіп отыр.

Samsung кәсіподақтарды тануға ұмтылмайды және жағдайға қатысты түсініктеме бермеді. Алайда 13 қыркүйекте ол Ченнаи зауытындағы жұмысшыларымен барлық мәселені тезірек шешу үшін келіссөздер жүргізе бастағанын мәлімдеді.