«Үміт жетелейтін жыл болады»

0

– Биыл қыстың шілдесі қатты болғалы тұр. Ол ақпан айының басына дейін созылады. Адамдар сақтанып жүрмесе, «аязда үсіп кетіпті» деген ақпаратты жұрт жиі еститін болады. Өмір бар да – өлім бар, өлім-жітімнен адамзат құтылған емес. Биыл әйел өлімі жиілейтінін айтпасқа амалым болмай отыр, перзентханаларда ана өлімі болады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыс­тары аумағында адамдардың жүйке ауруы жиілейді. Вируспен тарайтын ауру­дан да адамдар біраз зардап шегеді, әсіресе балалар, – дейді Айсұлу.

Амандықта да алдымен малды, сосын жанды сұрайтын халықпыз ғой. Көріпкел де шаруа жағдайын сұратпай айтты.

– Егер мен ауылда тұрсам, келер жы­лы қой мен құс ұстар едім. Құс өте жақсы өсетін болады. Сонымен қатар қой мен сиыр да төлінен жақсы көбейеді. Бірақ жылқыда шығын болады. Ылғалдың аз түсетінін көріп тұрмын. Әрине мұн­дайда ауыл шаруашылығында өзекті мәселелердің шешімін күтетінін жұрт менсіз де білер. 2019 жылы киікке де аса жеңіл жыл болмайды. Әйтсе де киіктің өлім-жітімін бұрынғыдай көктемде емес, жылдың аяғында еститін боламыз. Еліміз жалпы, табиғи апаттардан аман болады.

– Иә, ел іргесі тыныш болса, төтен апаттан аман болса, қой да өсер, дала қылқұйрықсыз қалмас, – дейміз біз.

– Жалпы, елде мамыражай, тыныш өмір сақталады, сондай бір ыңғайсыз, ауыр жағдай көріп тұрғаным жоқ. Келер жылы жерге қатысты мәселе тағы да көтеріледі. Қазір адамдарды жиі ойлантатын доллар бағамы туралы айтсам, ол құбылып, бір деңгейде тұрмайды, бірақ 378-379 теңгеден әрі аспайды. Айлық жалақыда кідіріс жоқ, бірақ көтерілетіні де көрінбейді. Жылжымайтын мүлік қымбаттайды.

– Төрткүл дүниені алақанымыздан көріп отырған заман ғой. Халықаралық жағдай қалай болар екен?

– Алдағы жылы алпауыттар арасын­дағы «экономикалық соғыста» Америка мен басқа елдердің түсінісуін көріп тұр­ған жоқ, мәселе сол күйінше қалады. Шығыс Азия елдері жағында су көтеріледі. 2019 – өзіміздің елде жақсы үміт жетелейтін жыл болады.

 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

 

Дереккөз: http://egemen.kz/