Ұлытауда «Қазақмыс» машинисі шахтада мерт болды

0

Ұлытауда «Қазақмыс» машинисі шахтада қаза тапты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

26 желтоқсанда Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде жазатайым оқиға орын алды.

Сағат 18:30-да «Восточная Сары-Оба» шахтасының учаскелерінің бірінде өздігінен жүретін жерасты машинаның жылжуы кезінде 31 жастағы машиниске абайсызда соққы жасаған. Ер адам мерт болды.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды», – деп мәлімдеді компания.