Ұлытауда аса ірі көлемдегі есірткі тасымалы үшін төрт азаматқа үкім шығарылды
Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт азаматты есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу мақсатында жасаған қылмыстары үшін соттады.
Сотта анықталғандай, сотталушылар Д., А., Н., және М. алдын ала сөз байласу арқылы Жамбыл облысының Мерке ауданында аса ірі көлемдегі кептірілген марихуана есірткі затын иемденіп, оны Жезқазған қаласына дейін заңсыз тасымалдаған. Жезқазған қаласына жеткен соң, олар бұл затты өткізуге дайындалып, тұтынушыларға жеткізуді жоспарлаған.
Сот барысында сотталушылардың кінәлары толығымен немесе ішінара мойындалды. Прокурор әрқайсысына 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
⚖️Сот үкімі бойынша:
— Сотталушы Д. – 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
— Сотталушылар Н. және М. – әрқайсысы 10 жылдан бас бостандығынан айырылды.
— Сотталушы А. – 14 жылға бас бостандығынан айырылды, оның әрекеттерінде қылмыстардың қауіпті қайталануы анықталды.
▪️Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.