Ұлытау облысындағы кеніште үйінді астында қалған жеті кеншінің денесі табылды

0

Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің Жомарт кенінен үйінді астынан жеті қызметкерлердің де денесі табылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Соңғы табылған кеншінің жеке басы анықталып жатыр.

“Мерт болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, – деп мәлімдеді ТЖМ.

ТЖМ жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтау үшін көмек көрсететінін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлытау облысындағы кеніште жеті жұмысшы үйінді астында қалғаны айтылған еді.