Ұлыстың ұлы күні-наурыз құтты болсын! — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін наурыз айының  22-і күн мен түннің теңелген, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін күні. Молшылық пен берекенің бастауы саналатын наурыз мерекесі бұрын қалай тойланған? Қазір қалай тойлап жүрміз? Stan.kz шолуында

  Ұлыстың ұлы күні наурыз құтты болсын!

Қытымыр қыстың қыспағынан шыққан халқымыз наурыз айын ерекше қарсы алған. Жер ананың бусанып, қайта түлеп жаңаратын, гүлденетін кезеіңін жалпы түбі бір түркі халықтары мереке деп білген. Қыстан аман есен шыққандарына шүкірлік етіп, барлық ауыртпалық артта қалды деп, «Жаңа күн, жаңа жыл» келді деп тойлататын болған.

Төрт түлік мал төлдеп, аузы аққа тиген халқымыз бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп айдар таққан. Бұл күні әр отбасында мол дастарқан жайылып, бір біріне қонаққа барып, көптеген көрмеген ағайын туған бір бірін қасиетті күні құттықтап, үлкендері кішіге бата тілегін аранаған. Көптеген бері татуласпай жүрген, ренжіскен жандар болса, бітімге келіп, қателерін кешіріп, қайта татуласқан. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген халқымыз дәл осы күні бұлақ басын тазартып, көшет отырғызған. Осынау ұлан асыр мерекеде көкпар тартылып, бәйге ұйымдастырылып, ұлттық ойындар: теңге ілу, аударыспақ, күрес, кір тастарын көтеру сынды түрлі күш сынасатын жарыстар өткізіп, жігіттердің қуатын тексерген.  Бір-біріне қонаққа барып,  наурыз көжеден дәм тарқан. Жастар жағы алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап, жырмен айтысқан. 

Ал бүгінде осынау сан ғасырлық ұлы мерекеміз өз мәртебесін  жоғалтқан жоқ. Қаламыздың барлық аумағаныда, аудандар мен ауылдарда наурыз мерекесі тойлануда. Кешеден бастап тойлап кеткен қазақ елі наурыз мерексін  үш күн қатарынан тойлап,  бес күн демалады. Орталық алаңдарға жиналған халықымыз түрлі ойындар мен концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын! 

stan.kz