Ұлыстың ұлы күні Димаш Кремльді бағындырады

0
128

2019 жылдың наурызында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Кремльде жеке кешін өткізбек. Бұл туралы әнші өзінің Instagramдағы парақшасында жазды.

«Мәскеу. Мемлекеттік Кремль сарайы, Ұлыстың ұлы күні – 22 наурызда жеке кешімде көріскенше!», – деп жазды Димаш.

Мемлекеттік Кремль сарайының ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, Димаштың кеші 22 наурыз күні сарайдың Үлкен залында 19:00-де басталады.

«Қазақстандық талантты, жас әнші Димаш Құдайберген азғантай ғана уақыт ішінде әлемді бағындыра алды. Бүгінде оны әлемнің түкір-түкпірінен миллиондаған халық тыңдайды. Жас талант ең алдымен қытай сахнасын бағындырды. Дауысының диапазоны – 6 октава. Ән айтудың қыр-сырын меңгерген.

2018 жылдың қарашасында Димаш алғаш рет Мемлекеттік Крмель сарайында «Любовь уставших лебедей» әнін шырқады», – делінген афишада.

«Қамшы» сілтейді